EN  RU  KZ
Жұмыла көтерген жүк жеңіл

23.05.2014 09:00

Мақаланың мәтіні орыс тілінен аударылған («Прилагая общие усилия»).

Автор: Рабига Абдикеримова ("Бизнес и Власть" апталық газеті № 17 (494) 23 мамыр 2014 ж.)

www.and.kz/userfiles/books/xrss_b&v_17_2014.pdfd20140523032959.pdf

Бүгінгі таңда Қазақстаннның қаржы нарығында «созылған» ақшаның жетіспеушілігі баршаға белгілі, бұл өз кезегінде көптеген ұйымдардың, бүтіндей секторлар мен ел экономикасының өсімін тежейді. Осындай жағдайда, нарық бизнеске деген басқа қосымша қаржыландыру тәсілдемелерін қажет етеді. Сол тәсілдеменің бірі - тікелей инвестиция қорлары ұсынатын қызмет түрлері болып табылады.

Қазіргі кезде, қазақстанның private equity нарығында «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ компаниялар тобының құрамына кіретін «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ бас ойыншы болып тұр. Ол туралы құрамында ағымдағы капитализациясы 2,5 млрд. АҚШ долларлы бар 11 қор кіретін компанияның стратегиялық портфелінің ауқымдығы айқындайды. Аталмыш қорлардың әрқайсысы бірнеше компанияларға инвестиция құя алады.

Тікелей инвестиция қорлары (ТИҚ) компанияларға белгілі бір мерзімге дейін кіреді. Әдетте ол 3-5 жыл. Дегенмеде, мұндай қатысушылықта ТИҚ өзге де қаржы көздерін жоққа шығармайды. ADM Capital (сонымен қатар, Kazakhstan Growth Fund және Kazakhstan Capital Restructuring Fund қорларын басқарады) инвестициялық директоры Әділ Өсжігіттің айтуынша, тікелей инвестиция жағдайында бір жобада банктік несие мен тікелей инвестициялар қатар жүре алады.

Алайда, ТИҚ ақша ғана ұсынбайды. ТИҚ-мен тығыз жұмыс істеудің арқасында компанияларға капиталдан бөлек басқа да мүмкіншіліктер ашылады. Эксперттің айтуынша оларға - ТИҚ компаниялардың ағымдағы иелерімен бірге тәуекелдерді бөлу, қор компаниялары меңгерушілерінің бизнесті жүргізудегі тәжірибесімен бөлісу,  дағдарыстық жағдайларды шешу үшін үздік мамандарды шақыру бойынша олардың мүмкіншіліктері, бизнестің құнын өсіру және т.б. жатады. Бірлесіп келгенде, компаниялар үшін нарықтағы бәсекелестері алдында әуселесі артып, капитализацияны артырады және бизнестің өсімін қамтамасыз етеді. Бірлескен жұмыс сондай-ақ, болашақта компанияларға стратегиялық әріптестес табуға немесе қор нарығына шығуға көмектеседі, ал ТИҚ өзі болса, компанияны сатқаннан-ақ пайдаға кеңеледі.

«ТИҚ көп жағдайда компаниялардың менеджментің жаңаға ауыстырмайды, өйткені олар инвесторлар болып келеді. Операциялық менеджмент бизнес иелеріне тиесілі. ТИҚ өз кезегінде қордың қаржы құйылымдарын мониторингке алу мақсатында, сондай-ақ, инвестициялық келісімде қол қойылған кезде сөз етілген мақсаттарға ТИҚ бөлген қаржыны қадағалауға компанияларға қаржы директорын немесе бақылаушыларды тағайындайды. Сондықтан кешенді тексеріс (Due Diligence) жүргізген кезде ТИҚ қаржы және заңнамалық ақапараттың сәйкестігіне ғана емес сондай-ақ, ағымдағы менеджменттің меншік иесінің ТИҚ-мен бірлескен инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру шеңберіндегі жоспарларды іске асырудағы мүмкіншіліктері мен тәжірибесіне назар аударады»,-деп түсіндіреді Өсжігіт мырза.

Компаниялардың менеджментін жаңарту тек жобаның өзі takeover-келісімге барған жағдайда ғана мүмкін, мысалы ТИҚ өз тарапынан бақылау пакетінің 75 пайыз +1 не одан да көп акциясының иегері болып, шын мәнінде бизнестің толық иесі болады. Өсжігіт мырзаның айтуынша, көп жағдайда мұндай келісімдерге ағымдағы шаруасы шұғыл шараларды қажет ететін компаниялар барады, менеджмент өзіне жүктелген міндеттің үдесінен шыға алмай ауыстырылуы керек, ал бизнес иелерінде аталған компаниямен айналысуға қаражаты да, ынтасы да жеткіліксіз делік. Сондықтан олар өз бизнестерін сатып жіберуге дайын болады.

ТИҚ өз капиталымен кірген компанияларға қандай тәжірибе алып келетінін нақты мысалдардан көруге болады. Falah Growth Fund-тың бас инвестициялық директоры Дэвид Хербаданың айтуынша, ТИҚ-ның кез келген жобаларда қатысуы капитал құрылымындағы өз сараптамасын жүргізуді ұсынады. «Кей кезде қаржылық сауықтырудың ерекше құралын қолдану қажеттілігі туады. Алайда, көп жағдайда ТИҚ жоғары білікті кадрларын тікелей немесе жаңамалы түрде тарту арқылы компанияның бизнес-үрдісінің операциялық қызметін оптимизация бойынша кең тексерісті және тәжірибені қол жетімді етеді. Бұл - оның күнделікті жұмысының көрсеткіштерін жақсартуға әсер етеді».

Оның айтуынша, «Алсад Қазақстан» компаниясы нақты мысал болып тұр. Falah Growth Fund қоры компанияның қарыздарының қайта құрылуын өткізіп, қаржыландыруды қамтамасыз етті. «Біз сондай-ақ, жаңартылған, кәсіби басқарушылар командасын қалыптастырдық, бизнес және құс өсіру саласындағы халықаралық сарапшыларды тарту арқылы ферманы қайта қатарға қостық. Осындай шаралар компанияның көрсеткіштерін халықаралық озық тәжірибенің стандарттары мен талаптарына дейін жақсартты».

Дэвид Хербаданың сөзіне сенсек, ТИҚ-ның басты функциясы компания қызметкерлерімен ортақ тіл табысу болып табылады. Яғни оларды «жылы орындарынан» қозғалтып, алға қарай жетелеу қажеттілігі. «Әдетте, өзгерістерге оң көзімен қарап, алға қарай жылжу жеке тұлға үшін де, толық компания үшін де өте қиын.  Сол себепті ТИҚ-мен бірлесе жұмыс істеу барысында түсініспеушіліктер мен кикілжіңдер бар және бола бермек. Осындай да негізгі жауапкершілік қос тарап мүдделерін ортақтастыратын, жұмысшыларды көтермелеу жүйесін қалыптастыру міндеті бар басқарушы командаға жүктеледі. Осыған қарамастан, бізге қош айтысуға мәжбүр ететін қызметкерлер болады. Оларды өзгерістерге бейімделе алмаған немесе бейімделгісі келмегедер деп айтуға болады. Өкінішке орай, бұл - бүгінгі өзгеріске толы әлемдегі бизнестің шындығы».

Пайдаланушылар кіру үшін