EN  RU  KZ
Қолдану шарттары
Осы вебсайтқа кіру және оны қолдану төменде берілген ережелер мен шарттарға, сонымен қатар, барлық қолданыстағы заңнамаға бағынады. Кірушілер осы вебсайтты іскерлік қызмет мүмкіндіктерін және ақпарат іздеу барысында қарай алады. Алайда, Al Falah тобының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз вебсайтта берілген мағлұматтарды таратуға, өзгертуге және басқаға беруге тыйым салынады.

Al Falah тобы осы вебсайттың мазмұнының немесе оған сілтейтін немесе одан сілтейтін гиперсілтемелері бар сайттардың мазмұнының шынайылығы мен толықтығына қатысты ешқандай растама немесе кепілдік бермейді. Кірушілер Al Falah тобына осы вебсайт арқылы жіберген кез келген хабарландыру немесе материал құпия ақпарат деп қарастырылады. Сонымен қатар, кірушілер қандай да бір заңсыз материалдарды немесе қылмыстық құқықпен жазаланатын құқық бұзушылық ретінде қарастырыла алатын немесе қолданыстағы заңнаманы бұза алатын ешқандай материалдарды жібермеуге келіседі. Егер осы ережелер мен шарттарда өзге ереже қарастырылмаса, осы вебсайтта берілген мағлұматтың кез келген бөлігін қолдануға қатаң тыйым салынады.
Пайдаланушылар кіру үшін