EN  RU  KZ
ҚР ауыл шаруашылығына керек инвестициялар сомасы ондаған миллиард долларды құрайды

26.06.2014 09:11

Мақаланың мәтіні орыс тілінен аударылған («Сумма необходимых инвестиций в сельское хозяйство РК составляет десятки миллиардов долларов»).

Автор: Данияр Сабитов ("Kapital.kz" іскерлік апталық газеті № 23 (450) 26 маусым 2014 ж.)

kapital.kz/expert/31191/summa-neobhodimyh-investicij-v-selskoe-hozyajstvo-rk-sostavlyaet-desyatki-milliardov-dollarov.html

Астанада Ауыл шаруашылық форум өтті. Falah Growth Fund басқарушы компаниясының бас инвестициялар директоры Дэвид Хербада «Капитал.kz» іскерлік апталығына ауыл шаруашылыққа инвестиция құюда кездесетін мәселелерді атап айтты. 

-  Не себептен сіздің инвестициялық қорыңыз Қазақстанның ауыл шаруашылық комплексін инвестиция құюға келешегі зор сегмент деп санайды? Қандай сегменттерде инвестиция құюға ең келешекті мүмкіндіктер байқалады?   

- Инвестиция құятын бірнеше ірі келешекті сегменттер бар. Ол дәнді дақылдар, атап айтқанда бидай, жылыжайларда өсіру, құс шаруашылығы, мал шаруашылығы және т.б. Бірақ, олардың бәрі елімізде бар жер қорына және мемлекеттік қолдауға сүйенеді. Сонымен қатар, 80 жылдардың соңы мен 90 жылдардың басында ауыл шаруашылық көрсеткіштер қазірге қарағанда жоғары болғанын атап өткен жөн. Бұл негізгі капитал жаңа активтерді сатып алуға ғана емес, бірақ одан да маңызды қазіргі заман жабдықтары мен өндіріс технологияларын сатып алуға жіберілетін инвестицияларға есік ашық екенін куәландырады.    

Қазіргі сәтте біздің қор құс шаруашылығын қаржыландырумен айналысады. Сондай-ақ, біз тауық жұмыртқасы өндірісіне екпін қоямыз, сөйтіп, қор «Алсад Қазақстан» ЖШС-не қаражат құйды. Бұл сектор өте тартымды көрінеді. Бірақ біз басқа да ауыл шаруашылық секторларға да инвестиция құйғымыз келеді, мысалы: тамақ өнеркәсібі және т.б.

- Инвестициялар көлемі мен салынған қаражаттардың қандай мерзімде қайтарылуын күтетіндеріңіз туралы айтып өте аласыз ба?

- Нақты сома туралы айту қиын, себебі, жекеше компанияларға инвестиция мүмкіншіліктердің пайда болуына байланысты құйылады. Ал егер де инвестициялық мерзім мен салынған қаражаттарды қайтару шарттары туралы айтатын болсақ, бұндай проекттер портфельде ұзақ мерзім болады, әдетте бұл 5-7 жыл.

Қандай-да болсын инвестиция тәуекелді болып келеді. Ауыл шаруашшылық та түптеп келгенде құбылмалы ауа-райға тәуекелді сала болып келеді. Осыған байланысты, қандай сезімтал жерлері мен қиындықтарын атап айта аласыз?

-  Дәнді-дақыл секторы, көкөністерді жылыжайда өсіру, зәйтүн дақылдарын шығару, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы араларында елеулі айырмашылықтар бар. Сонымен қатар, өндіру мен жасап шығару арасында да өте үлкен айырмашылық бар. Дәнді-дақылдарды алсақ, өнімді ауа-райы мүмкіндік бергенше сақтау, егін шығымдылығының көрсеткіштерін көтеру мен логистикасы, және де «хеджирование» болып табылады. Бірақ, өкінішке орай, соңғы кезде ауа-райы бәр жерде жоғары құбылмалы болды. Біз ауа-райын немесе жаңбырды бақылай алмаймыз, бірақ, тиісті басқару қаржы шығысын болжамдап, жобалы жоспарлардан шамадан тыс ауытқып кетпей нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.

Мал шаруашылығы мен құс шаруашылығындығы, сонымен қатар тамақ өнеркәсібіндегі басты қиыншылықтар өнеркәсіпті оперативті басқару мен нарықтың серпініне байланысты.


-  Қазақстанда ауыл шаруашылық негізінде ұсақ және орта шаруашылықтармен ұсынылғаны мәлім. Үлкен ауыл шаруашылық корпорациялар мен ұсақ фермерлік шаруашылыққа инвестиция құюда айырмашылықтар бар ма? Егер бар болса, олар қалай байқалады?

- Ауыл шаруашылық форумда айтып өткендей, қазір өте үлкен корпорация немесе өте кішкентай фермаларға бөліну тенденциясы байқалады, мысалы, астық секторын алсақ «орташа шаруашылық» деген ұғым жоқ. Бірақ, егер де құс шаруашылығын алсақ, үлкен корпорациялар мен ұсақ фермалар арасында мұндай контраст жоқ.

Қазір ұсақ шаруашылықтарға инвестиция құю халықаралық инвесторларға қызықты емес сала болып келуі мүмкін. Бір жағынан бұл инвесторлардың қазіргі заман құралдар мен өндіріс технологияларын қолданып, өнімнің шығуына толық ықпал еткісі келетініне байланысты. Ал оны тек қана компанияның жеткілікті масштабы мен өлшемі болған кезде ғана іске асыруға болады. 

Ертеде басқа елдерде тұтастай кооперативтік қоғам құратын ұсақ шаруашылықтарды иелену өте сирек, бірақ жақсы жұмыс істеді. Бұл ортақ меншіктегі кооперативтер немесе холдингтік компаниялар. Бұл қоғамдар қазіргі заманға сай құралдарды қолдана отырып, өнім шығарудың керекті деңгейіне жете отыра, ұсақ шаруашылықтардың өндірілген затқа қамқорлығын сақтай отырып, институционалдық инвесторлармен қызмет істеді.    

Бұл сұраққа қатысты менің өз ойым, үлкен корпарацияға инвестция құю көпшілік тұтынатын заттарды шығару кезінде жақсы жұмыс істейді, олар негізінде жоғарғы сапалы брендтік жергілікті өнім болғаны дұрыс.  

 - Сіздің ойыңызша, Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамыту үшін қанша инвестиция керек және де сол қаражат тиімді жұмыс істеу үшін қайта бөлу механизмі қандай болу керек?

 - Менің ойымша, бұл сұрақ ауыл шаруашылық министрлігіне қойылғаны дұрыс. Былай айтқанда, біз инвестициялық мүмкіндіктерді бағалау кезінде мемлекеттік және өзіміздің ғылыми зерттеулерімізді қолданамыз, сондықтан, ауыл шаруашылықтың бәр секторларын алғанда керек сома ондаған миллиард долларды құраса таң қалмаймын.  

- Қазақстанда инвесторларға қаншалықты ыңғайлы екенін айта аласыз ба? Инвестициялық ахуал жасау бойынша Қазақстан қай жағынан жақсы немесе жаман екеніне мысалдар келтіріп кете аласыз ба?

-  Алдымен біздің қор қазіргі уақытта толығымен Қазақстанға көңіл аударатынын айтып өткім келеді. Біз жергілікті екі компанияға инвестиция құйдық және Абу-Даби үкіметі мен Қазақстан Республикасының арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты жалғастырмақпыз.

Егер де біз негізгі көрсеткіштерді қарастырып, оларды ТМД-ның басқа елдерімен салыстырсақ, менің ойымша инвесторлар үшін ықыластық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жағынан Каспий теңізінің бер жағы мен оңтүстігінде Қазақстан ең жағымды ел екенін айтқан әділетті болады. Бірақ, Ресеймен салыстырған қиындау болады, себебі нарығы, халқы, географикалық созылыңқылық бойынша елеулі айырмашылықтар көп.

Сонымен қатар, инвестициялық ахуалды жақсарту барысында Қазақстан үкіметі салған күшті атап өткен жөн. Демек, сол іждағат пен жұмыстардың жемісін көру үшін тағы біраз күте тұру керек.

Пайдаланушылар кіру үшін