EN  RU  KZ
Қарағандыдағы құс фабрикасында жаңғырту жұмыстары жүргізілді

http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/209156-ara-andyda-y-s-fabrikasynda-zha-yrtu-zh-mystary-zh-rgizildi

03.12.2017 09:00

Қарағандыдағы құс фабрикасының өнімдері Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортталады.

Кәсіпорын сапалы өнім алу үшін заманауи құралдармен жабдықталған. Жаңғырту жұмыстарына Қазақстан мен араб елі 5 млрд теңгеден инвестиция салды. 2018 жылдан бастап кәсіпорын жылына 150 млн дана жұмыртқа өндіретін болады. Қазір фабрикада 90 адам еңбек етеді. Алдағы жылдары қосымша 50 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Айта кету керек, мұнда экологиялық таза, гендік модификацияланбаған өнім шығарылады. Қазір фабрика жұмыртқалары Қырғызстан, Тәжікстан мен Ауғанстан елдеріне экспортталып жатыр.

Хендрик де Ягер, өндіріс жөніндегі директор:

- Жұмыртқаның сапасы жем-шөптің сапасына байланысты. Құстарды жоғары сорттық бидаймен қоректендіреміз. Сонымен қатар оларға түрлі дәрумен береміз. Жүгері береміз, өйткені оның құрамында кератин мен ақуыз бар. Құстарды дұрыс экологиялық таза өнімдермен қоректендіру арқылы ғана сапалы жұмыртқа алуға болады.

Пайдаланушылар кіру үшін